2023 жылдың 28 ақпанында Жетісу облыстық сотында бұрынғы Алматы облсысы полиция басқармасының экс басшысы Серік күдебаевтың сот отырсында жарыссөз болды.

Мемлекеттік айыптаушы прокурор Жұмағұлов Күдебаевты айыптау хаттамасын оқып, Күдебаевтың қанды қаңтар кезіндегі әркетсіздігі мен қызметін асыра пайдалану бойынша келтірілген зардаптарды атап өтті. Прокурор Ерлан Қыдырбаев Күдебаевқа қылмыстық кодекстің 362 бабының 4 бөлігімен 8 жыл, 146 баптың 2 бөлігімен 4 жыл қамау жазасын біріктіріп, 58 баптың яғни Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың 3 бөлігімен 9 жылға қамау жазасын сұрады.

Күдебаевтың адвокаты Сауле Кобжанова бір жарым сағатқа созылған ақтау сөзінде прокурорлардың айыптауларын жоққа шығарып куәгерлердің сөздерін алға тартып өз қорғауындағы генералды ақтауды сұрады. Серік Күдебаевтың көзінше азапталды делінген жәбірленушілер Ахмедияров пен Әбдірахманов Күдебаевқа ешқандай талап қоймайтынын айтты.

Күдебаев өзіне берілген сөз кезегінде өзінің халыққа оқ атпау үшін сондай әрекетке барғанын алға тартып қанды қаңтар кезінде Қарасай ауданына не үшін кеткенін айтты. Жәбірленуші Әбдірахманов Күдебаевтың адвокаты Кобжанованың ақтау сөзіне келіспейтінін айтып қанды қаңтар кезінде яғни Күдебаев басшы болып тұрған тұста азаптаудан қайтыс болған азаматты еске алды.

Күдебаев 2022 жылдың қанды қаңтары кезінде Алматы облысындың команданты болған. 18 ақпанда ол өз еркімен жұмыстан босатылған. Қанды қаңтардан соң Талдықорғанда шеруге шыққандар жаппай қамалып олар жантұршігерлік азаппен азапталған. Үтік басылып, тырнақтарының көбесіне шеге сұғылған, тістері жұлынып, қол-аяқ, қабырғалары сындырылған. Алайда азаптаушылардың дені маскамен жүргендігін алға тартқан құзырлы орган әбірленушілердің көбінің ісін тоқтатып тастаған. Тек 23 жәбірленушінің арызымен 5 полиция қызметкері қамауға алынып 3-5 жылға сотталған болатын. Оның бірі арнайы жасақ қызметкері Ермек Жұмашев өзінің тек генарал Күдебаевқа ғана бағынғанын, тек соның ғана бұйрығын орындайтынын айтқан.