Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы "Наваи-Қапланбек" бақылау-өткізу бекеті 1 қарашадан бастап 19 айға жабылады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Ташкент облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара бекетінің жұмысы Қазақстан жағында жөндеу жүріп жатқанына байланысты уақытша тоқтайды.
Биыл тамыз айында Қазақстан мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетінің басшысы Данияр Жанәлиев 2022-2023 жылдары тоғыз автожол және бір теміржол өткізу бекеті жөнделетінін хабарлаған.
Соның арқасында шекара бекеттерінің өткізу мүмкіндігі сегіз есе артып, шекарадан өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Бұған қоса, бақылау-өткізу бекеттерінде жемқорлықпен күресу үшін жүйелер автоматтандырылады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы