Ресей Мариупольде украин әскери тұтқындарын "соттау сайқымазағын" өткізсе, Киев пен Мәскеу арасында келіссөз жүргізу мүмкін болмайды. Украина президенті Владимир Зеленский күнделікті кешкілік жолдауында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
"Мемлекетіміздің бұған қатысты әрекеті түсінікті. Мынадай сот-сымақ өтер болса, барлық келісімдер мен халықаралық ережелерді бұза отырып, біздің азаматтарымызды осындай сахнаға шығарар болса... Сол сәтте келіссөз өткізу мүмкін болмай қалады. Ресейдің өзі келіссөз жүргізу мүмкіндігінен айрылады", - деп мәлімдеді Зеленский.
Халықаралық қауымдастық мойындамаған "ДХР" басшысы Денис Пушилин бұның алдында "трибуналға дайындық жүріп жатқанын", "трибуналдардың бірі Мариупольде өтетінін" айтқан.
Ресей мен Украина баспасөзінің мәліметінше, Ресей басып алған Мариупольде "Азов" полкының жауынгерлерін соттайды. Ресей оны террористік ұйым деп таныған.
Мариупольдің украин мэрі Вадим Бойченко ресейліктер украин тұтқындарын 24 тамыз - Украина тәуелсіздігі күні соттауы мүмкін екенін мәлімдеді.
Ресей Украинаға басып кіргелі бері екі ел бірнеше мәрте келіссөз жүргізген, бірақ олардың бәрі нәтижесіз аяқталған.
Украина Ресей әскерінің басып алған жерлерден шығуын талап етсе, Ресей ешқайда кетпейміз деп отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы