Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросының баспасөз орталығында 10 тамыз күні «Саяси тұтқындарды және 2022 жылғы қаңтар трагедиясының құрбандарын қолдау жөніндегі «Араша» қоғамдық комитетінің қызметі туралы» баспасөз мәслихаты өтті.

2012 жылғы Жаңаөзен қаласындағы наразылық акциясы қантөгіске айналып, оған бірқатар азаматтық белсенділерді жауапқа тартуға байланысты құқықтық, ақпараттық және халықаралық қолдау көрсетуді ұйымдастыру мақсатында «Араша» қоғамдық комитеті құрылған болатын.

2022 жылғы қаңтар қантөгісі кезінде,2011 жылы да және қазір де өз әлеуметтік құқығын қорғаған азаматтард қолдау мақсатында саяси тұтқындарды қолдау үшін белсенді қызмет жасап келе жатқан бұл топ 10 тамызда саяси тұтқындардың құқығын қорғау, Жанболат Мамайды босату жөнінде мәслихат өткізді. Жиналыс та спикерлер қоғам қайраткері Мұрат Әуез, құқық қорғаушы Қазақстандық адам құқықтарын қорғау бюросының директоры Евгений Жовтис, тарихшы
Марат Қатайұлы Сембі, журналист Әсем Жәпішева болды.

Әділетсіз тергеулер мен қудалауға ұшырап жатқан саяси белсенділер мен өз наразылығын білдірген қарапайым тұрғындардың құқықтарын қорғау керек екенін тілге тиек еткен спикерлер өз ойларын ашып айтты.

Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әуезов:

"Жанболат ұлттық қазынамыз, ұлттық байлығымыз, оның жанұясына оралуына көмектесейік, алаңдарда елдің сөзін сөйлеп жүрген тұлға болар азамтты қолдайық, ары болса, ақылы болса Жанболатты кез-келген адам қолдайды деп білем. Үлгі болатын керемет жанұясы бар, Жанболатты қолдап, осы сөздерді айтып отырғаныма өте ризамын" деді.

Журналис Әсем Жәпішева:
Араша комитетінің баспасөз мәслихатында Тоқаевқа жолдау жасады, жолдауда былай делінген:
"Қасым-Жомарт Кемелұлы,
Сізге дейін елімізді отыз жыл саяси бәсекелестіктен қорыққан Нұрсұлтан Назарбаев басқарды. Ол сайлау нәтижелерін бұрмалады, саяси оппоненттерін басып-жаншыды, түрмеге қамады. Демократияны осылай тұншықтырудың нәтижесі неге әкелгенін өзіңіз Қаңтарда көрдіңіз. Саяси бәсекелестік жоқ жерде ешқашан елдің әл-ауқаты жақсармайды. Рейтиңді қанша жерден өтірік салса да, Назарбаевтың шын рейтиңі қандай екенін осы жылы көшеге шыққан халық көрсетті. Тарихта Назарбаев мәңгі қарабет болып қалды.
Сіздің оның қателерін қайталамауға мүмкіндігіңіз бар. Саяси бәсекелестіктен, жастардан қорықпаңыз.
Жанболат Мамай басқа "саясаткерлер" сияқты қалтаның қамы үшін жүрген адам емес, елім, жерім деп жүрген патриот. Жаңа Қазақстан туралы сөзіңіз рас болса, жағдайды бетке айтатын адамдардан қорқып, жолын кеспеңіз, шындық үшін түрмеге қамамаңыз.
Жанболат Мамайды босатыңыз. Саяси тұтқындарды босатыңыз. Партияларды тіркеуге жол беріңіз. Сол кезде сіздің Жаңа Қазақстан туралы сөзіңіздің нағыз шындық екеніне біздің де көзіміз жетеді".

Баспасөз мәслихатына жиналған көпшіліктің ішінен желтоқсаншы, қоғам белсендісі Сайлау Лепесұлы:

"Қсым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шын мәнінде кешегі Н.назарбаевтің тоталитарлық жолын жалғастырушы болмайтын болса Жанболатты бостандыққа шығарсын, кешегі Арон Атабек сияқты Жанболатты түрмеде отырғызып қоюға болмайды, ол үшін барлық белсенділер бірігіп, Жанболатты құтқару ұйымын ашайық " деді.

Жиналыс соңында Жанболаттың жары, белсенді, құқық қорғаушы Инга Иманбай:

"Бұл тек Жанболат үшін күрес емес, барлық саяси тұтқындар үшін күрес, қаңтардың шындығы үшін күрес. Қазақтың тарихында ақтаңдақтар көп, 86 үшін ешкім жауап берген жоқ, 2011 үшін ешкім жауап берген жоқ, енді қаңтар үшін ешкім жауап бермесе, онда біз ұлт ретінде сақталуымыз үшін қауіп төнеді. Жанболатты құтқара алмасақ, онда біздің басқаларды құтқаруға мүмкіндігіміз болмайды, Жанболатты ту етіп айту арқылы басқаларды қорғаймыз, Жанболатты түрмеден шығарсақ, ары қарайғы күреске деген үміт пайда болады "_ деп сөзін аяқтады.

Н.Байтұрсын