Франция астанасы Парижде террорлық шабуыл болды деп хабарлайды bbc.соm сайты.
Кеше Париж орталығы Елисей алаңында жергілікті полиция қызметкерлеріне белігіз біреулер калашников автоматымен оқ атқан. Салдарынан бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алған.
Франция президенті Франсуа Олланд: «Бұл сөзсіз террорлық әрекет, бұл іспен Франция прокуротурасының лаңкестікке қарсы бөлімі айналысатын болады» деген.
Ал Париж қаласының прокуроры Франсуа Молен шабуыл жасаған адамның аты-жөнін анықтадық. Бірақ, тергеу жұмыстары аяқталмағанша оны айта алмайтындығын мәлімдеді. BFMTV теле арнасының хабарлауынша лаңкестік шабуыл жасаған 39 жастағы Франция азаматы. Оның полиция қызметкерлеріне оқ атқалы жүргендігін Францияның қауіпсіздік қызметі алдын ала білген. Ол бұл жайында Telegram мессенджерінде бірнеше мәрте жазған.
Ал «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы бұл террорлық шабуылды өз мойындарына алып, полицияға оқ атқан өздерінің содырларының бірі екендігін мойындаған.
Лаңкестік шабуыл жасаған 39 жасар Франция азаматы, қылмыс орынынан қашпақ болған кезде өзіде оққа ұшқан. Қазір Париж прокуротурасы қылмыскердің сыбайластары бар, жоғын тексеріп жатыр.
"The Qazaq Times"