Ауғанстанның күшті жер сілкінісінен кемінде 1000 адам қаза тапты. Зіл-заланың центрі елдің оңтүстік-шығысындағы Хост қаласына жақын аумақта болғанын америкалық сейсмологтар мәлімдеді.
Ресми мәліметтерге қарағанда жараланғандар саны 1,5 мыңнан асқан. Апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны әлі де анық емес. Қалайда бұл айтылғандардан көп екені белгілі, себебі жергілікті билік әлі де анықталмаған зардап шегушілер, қианды астында қалған адамдар болуы мүмкін екенін айтқан.
Америкалық сейсмологтар 6,1 баллдық сілкіністің ошағы жер бетінен 51 шақырым тереңдікте екенін анықтаған. Сілкініс аумағы 500 шақырымды қамтып, Пәкістан мен Үндістан да зіл-заланың дүмпуін сезген.
Ауғанстанда жер жиі сілкінеді. АҚШ зерттеушілерінің мәліметінше соңғы 10 жылда Ауғанстанда 7 мыңнан астам адам жер сілкінісінен қаза тапқан.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні