Еуропаның Орталық банк келесі айда және қыркүйекте пайыздық мөлшерлемені жоғарлатпақ. Бұл әрекетті пандемиядан кейін экономиканы қолдаудан, инфляцияны қысқарту саясатына өткен әлемнің өзге ірі банктеріне теңесу мақсатында жасап отыр. Осылайша ЕОБ соңғы 11 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені жоғарлатқалы отыр.
ЕОБ-ның 25 мүшесі Амстердамда бас қосып осы мәселені қызу талқылады. Олар ЕО экономикасын алға сүйреуші 19 елде инфляцияның барған сайын өсіп бара жатқанына назар аударған. ЕОБ инфляцияның болжалды көрсеткіші 2 пайыз болады деп болжаған еді, тұтыну бағасының индексі мамырда 8,1% болып, жаңа ең жоғары деңгейге жетті.
Ұзақ жылдық төмен өсімдік мөлшерлемены сақтап келген ЕОБ күні кеше бетбұрысты қадам жасады. Қазіргі кезде Еуропаның экономикалық өсімі болжалды көрсеткіші төмендейді деген қауіп те бар. Себебі, пандемиядан кейін енді ғана тыныс ала бастаған еуропалық экономикаға Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы өзіндік кері әсерін тигізуде. Әсіресе, энергия тармағы Ресейге байланған Еуропа үшін соғыстың зардабы басқаша.
«Соғыс сауданы бұзып, материалдар тапшылығын, энергия мен шикізат бағасының шарықтауын тудыруда», – деген ЕОБ президенті Кристин Лагард журналистерге.
ЕОБ пайыздық мөлшерлемелерді көтеруден бұрын экономиканы көтерген облигацияларды сатып алуды аяқтап алуды жоспарлауда. Одан кейін инфляция деңгейін бақылай отырып, қыркүйек айында екінші рет жоғарлату мүмкін. Пайыздық мөлшерлеме 25 пайызға дейін жоғарлату көзделген.
Естеріңізде болса, мамырдың бас шенінде АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі эталондық пайыздық мөлшерлемесін 50 базистік тармаққа көтерді. Бұл соңғы шек емес екені тағы бар. Ал, ағылшындар былтыр жыл соңынан бері ставканы төрт рет көтерді.
Орталық банктер неге мұндай шаралар қабылдайды? Эталондық мөлшерлемені көтеру арқылы банктер қаржы институттарына, компанияларға, тұтынушыларға және үкіметтерге қажетті ақшаны қарызға алу үшін қанша төлеуге тура келетініне нақты белгілме орната алады. Сондықтан пайыздық мөлшерлемены жоғарлату бір мезгіл жоғары температурадағы экономиканы салқындату рөлін атқарады.
Дегенмен, жоғары пайыздық мөлшерлемелер экономикалық өсуге кері әсер етуі де мүмкін. Сондықтан орталық банктер жоғары инфляцияны тежеу мен экономикалық белсенділікке нұқсан келтірмеу арасында нәзік тепе-теңдікті сақтауы тиіс.