Кеше, 5 маусым күні, жексенбіде елімізде тағы бір саяси маңызды оқиға өтті. Ол болса президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарнамалаған «Жаңа Қазақстан» үшін аса маңызды деп саналған Конституциялық реформаға қатысты референдум.

Ресми мәліметтерге қарағанда, референдумға  8 миллионнан астам адам қатысқан, олар жалпы дауыс беру құқығына ие азаматтар санының 68 пайыздан астамын иелейді екен. Өңірлердегі азаматтардың қатысу белсенділігі бойынша Түркістан облысы көш бастаса, Алматы қаласында қатысу белсенділігі өте төмен болған.

Орталық Референдум комиссиясының өкілі Мұқтар Ерманның ҚазАқпаратқа берген мәліметі бойынша ел көлеміндегі референдумға қатысу белсенділігі мынадай:

Ақмола облысы – 73,81

Атөбе облысы – 58,06

Алматы облысы –72,83

Атырау облысы –67,68

БҚО – 69,37

Жамбыл облысы – 69,59

Қарағанды облысы – 77,39

Қостанай облысы –72,28

Қызылорда облысы – 79,89

Маңғыстау облысы – 61,19

Павлодар облысы – 75,53

СҚО – 75,49

Түркістан облысы – 80,66

ШҚО – 77,49

Елорда – 57,06

Алматы – 33,30

Шымкент – 72,53

Алайда бірқатара ақпарат құралдары да, отандық және шетелдік бақылаушылар да кезекті референдумда ел азаматтарының қатысу белсенділігі төмен болды деп бағалаған еді. Оның себебі бұдан бұрынғы президент сайлауындағы әділетсіздіктер және референдумның дұрыс жолға қойылмауы деп санайды.

ҚР ОРК қазірше референдумның соңғы нәтижесін жария еткен жоқ. Бірақ, елдегі үш бірдей Exit poll сауалнамалары бойынша Референдумды қолдап дауыс бергендер саны басым деп көрсетілген.

Айта кетейік, референдум күні наразылық акцияларын ұйымдастырған саяси топтар да болды. Алайда, күштік құрылымдар жағына наразылық акциялары бақылауға алынып, акциялар ауқымды деңгейге жете алған жоқ.