Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Украинаға сапарлай барып, Киевте жасаған мәлімдемесінде Ресейді соғыс тоқтатуға шақырды. Ол бұл мәлімдемесін Украинаның денсаулық сақтау министрі Виктор Лиашкомен бірге өткізген баспасөз жиыны кезінде ортаға салды.
Жүрсін Ерманның құдасы Гербейесус мәлімдемесінде соғыстың өз өміріне тигізген зардаптарын айта келіп: "Мен соғыстың зардабын анық білемін, сондықтан да Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы мені қатты алаңдатады", – деген.
Түріктің "Анадолы" агенттігінің хабарында ДДСҰ бас хатшысының Украина халқының басқыншылққа қарсы күресін жоғары бағалағанына баса назар аударыпты. Үлкен шығындарға қарамай қарсылық танытқан Украина азаматтарына ризалығын білдірген Гебрейсус: "Олар соғыстан қираған денсаулық сақтау құрылғыларын қалыпына келтіруге тырысып жатыр, Бұл олардың денсаулық сақтау мен адам өмірін қорғауға басымдық бергенін көрсетеді", – деген.
Халықаралық ұйымның жетекшісі сөзінде соғыстан зардап шеккен Украинаның денсаулық сақтау саласының шығындары туралы ашына айта келіп: "ДДСҰ Украинаға көмек ретінде жібере алмайтын жалғыз дәрі, ол – бейбітшілік. Біз алдағы уақытта да Ресейді осы соғысты тоқтату шақыруды жалғастыра береміз", – деген.
Алтынай Мұрат