Германиядағы мигранттар саны ел халқының 27,2 пайызына жетті. Бұл туралы елдің Федералдық сатистика кеңесі мәлімдеді.
Mikrozensus жариялаған статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2022 жылы Германиядағы мигранттардың саны 22,3 миллион адамға жетіп, 2021 жылғы саннан 500 мыңға көбейген.
Статистикалық мәліметтерде көрсетілуінше, мигранттардың 53 пайызы 2021 жылға дейін Германия азаматтығын алған, қалған 47 пайзы әлі де шетел азаматы. Бұл шамадағы мигранттардың 13,9 миллионы еуропалықтар, бірақ тек 7,5 миллионы ғана Еуроодаққа мүше елдерден келген. Азиялықтар 5,1 миллион болса, Таяу Шығыстан 3,5 миллион мигрант Германияда жасайды. Германиядағы африкалықтардың саны 1,1 миллион шамасында. Бұлардан тыс әлемнің өзге аймақтарынан барған 700 мыңға жуық мигрант бар.
Айта кетейік, «мигрант» ұғымы Германияда неміс еместерге қаратылады, Германияда дүниеге келген бала сол елдің азаматтығын алғанымен де мигрант есептеледі.