9 сәуір, сенбі күні ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесті. Сыртқы саяси ведомствода өткен шарада министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша ашық пікір алмасу болғанын ведомствоның ресми сайты жазды.
Ресми сайттың хабарына қарағанда кездесуде министр М.Тілеуберді Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтар туралы атап өткен. Бұған қоса Қазақстанның қазіргі жалпы саяси даму бағытындағы аталмыш министрліктің рөлі туралы сөйлеген.
Министрлік сайтының хабарында ондағы баяндамалар мен пікірлер туралы ашық мәлімет жоқ. Бірақ, сыртқы саяси басымдықтар, инвестициялық және кадр саясаты, сондай-ақ, шетелдегі қазақ диаспорасымен жұмыс секілді тақырыптарды талқылаған. Бұған қоса, кадрлк резерв өкілдерімен (жас мамандармен) өзге де сұрақтар бойынша әңгіме өрбіткен. Өз кезегінде жас мамандар өздерінің сыртқы саяси бағыттар бойынша өз пікірлерін ортаға салған.
Кездесуден кейін ҚР сыртқы істер министрінің орынбасарлары кадрлық резервтегі жас мамандармен жеке сұхбат өткізген.
Кездесудің нақты мазмұны болмағанымен, ресми мәліметтерге қарай отырып, алдағы уақытта Сыртқы істер министрлігінің кадрлық құрамында және қызметтерінде бірқатар жаңалықтар болуы мүмкін деп болжауға болады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді