Ресей мен Украина бір-бірін соғыс қылмысы бойынша айыптап жатыр. Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, Бучада бейбіт тұрғындарды аяусыз қырғындау бойынша Украинаның айыбын жоққа шығарды және бұны арандатушылық деп атады. Ал, америкалық телеарнаға берген сұхбатында Украина президенті орыс әскерлері Киве маңында да бейбіт тұрғындарды аяусыз өлтіргенін айтқан.

Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде Киев әкімшілігінің Бучада жариялаған фото суреттері мен бейне жазбаларды арандату мақсатындағы жалған ақпарат деп бағалаған. Аталған елдімекен ресейлік әскерлердің бақылауында тұрған кезінде бірде бір облыс тұрғыны зорлық-зомбылыққа ұшырамағады деп мәлімдеген.

Украина тарабы Ресейді Буча жерінде соғыс қылмысын жасап, бейбіт тұрғындарды қырғындады деген айыптауына қарамастан, Ресей ресми мәлімдесінде Буча тұрғындарының еркін қозғалысына шектеу қойылмағаны, эвакуацияға мүмкіндік бергендерін алға тартты. Мәскеу өз мәлімдемесінде Украинаны айыптап, Бучаның оңтүстігіндегі аудандарды, әсіресе тұрғындар қоныстанған аумақты бомбалаған деп көрсетті.

Ресей мәлімдемесінде Украинамен Түркиядағы келіссөзден кейін, 30 наурызда Бучадан өзінің қарулы күштерін толығымен шегіндіріп кеткенін алға тартқан. 31 наурызда қаланың мэрі ресейлік әскерилердің жоқ екенін растаған болатын.

Қазір, Мәскеу мен Киев бір-бірін соғыс қылмысымен айыптап жатыр. Әр екі тарап та қарсы жақтың уәждерін арандату мен жалған ақпарат ретінде қарайды.

 

The Qazaq Times