Америка Құрама Штаттарының президенті Жо Байден осы аптада Бельгиядан тартып бірқатар Еуропа елдеріне сапарлауды жоспарлап отыр. Сапар барысында еуропалық әріптестерімен Ресей-Украина мәселесін талқылайтын болады.
Байденнің кезекті Еуропа сапары сәрсенбі күні басталады, онда бірқатар маңызды кездесулер мен жиналыстар жоспарланған. Ең негізгілері "Үлкен жетілік" саммиті, НАТО мүшелерінің жиналысы және Варшавада өтетін полияк әріптесімен кездесуі.
НАТО және G7 саммитін бейсенбі де аяқтап, сенбі күні Варшавада Польша президенті Дудамен кездеспек. Онда да басты тақырып Украина мен Ресей мәселесі.
Ресейдің Украинаға ауқымды шабуыл жасауы қожырап тұрған АҚШ-Еуропа қатынасын қайтадан оң бағытқа бұрғандай болды. Байден кезекті сапарында Ресейдің жараптып берген жаңа әрі жақсы орайын тиімді пайдаланып, Еуропа елдерімен терең қарым-қатынасты мықтап шегелеп қайтуды көздейтіні анық.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау