Норвегияда НАТО-ның 30 мыңнан астам әскері қатысқан ауқымды әскери оқу-жаттығу басталды. «Қатаң жауап» аталатын жаттығуға ұйым мүшелерінен тыс алянстың серіктесі саналатын Швеция мен Финляндия да әскер қыстырды. Жаттығу сәуір айына дейін жалғасады.
Қорғаныс алянысы таратқан ресми мәлімдемеде жаттығу алдын-ала жоспарланған және Ресейдің Украинаға ауқымды басып кіру әрекетімен қатысы жоқ екені айтылады. Кезекті жаттығу «Норвегия шабуылға ұшыраған жағдайда» деген арнайы сценарий бойынша өтуде.
Құрлық, әуе және теңізде өтетін жаттығуға 27 елден 30 мыңнан астам жауынгер, 220 ұшақ, 50-ден аса кеме тартылған.
Ауқымды әскери оқу-жаттығуына ЕЫҚҰ-ның барлық мүше елдері бақылаушы ретінде шақырылып, ашық жағдайда өткізіліп жатыр. Дегенмен, Ресей шақырудан бас тартқан.