Алматы облысы Ұзынағаш ауданының тумасы Кисымбаев Ақылжан Әдебиетұлы 5 қаңтарда жұмыс орнынан шыққан жерінен оқ тиіп жараланып қалалық №12 ауруханасын жеткізілген. 8 қаңтар күні кешке қарай қара киімділер келіп асулы тұрған системасын жұлып тастап жанында бірге жатқан жаралылармен бірге шашынан сүйреп дәлізге шығарған. Аяғынан баса алмаған соң 4 этеждан тепкілеп отырып домалатып далаға шығарған. Далада 30 дан аса адамды екі автозакқа тиеп СИ-18 ге апарған. Ал сол жерден көрген азабын тергеушілердің ауыз айтып жеткізгісіз жауыздығын, сот пен прокурордың және мемлекет бекіткен адвокаттың жауапсыздығын "Қанды қаңтар қырғынының" тірі куәгерінің өз аузынан естисіз.
Бұған дейін бас прокуратура елдегі тергеу орындарында ешқандай азаптау комнатасы жоқ деген. Бірақ Ақылжан сол комнатада қалай қиналғанын өз ауымен айтып берді.
Бейнені бөлісіп сайтымыздың каналына жазылыңыз.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы