![](https://qazaqtimes.com/kk/content/uploads/2022/01/0023-1-800x480.png?token=5b27e29fd3188e904ef88b8a70f84167)
Ресей мен Украина арасында соғыс қауіпі талқыланып жатқан тұста Хорватия президенті НАТО-ға әскер бермейтінін мәлімдеді. Ол тіпті НАТО-да Ураинаға орын жоқ деп мәлімдеді.
«Украина мен Ресей арасында соғыс болған жағдайда Хорватияның рөлі қандай болады?» деген журналис сауалына президент Зоран Миланович: «Кімнің зиян шегетіні анық, сондықтан Хорватия мен оның армиясы бұндай соғысқа қатыспайды», – деп жауап берген.
Ол бұған қоса: «Мен хорват армиясының бас қолбасшысымен. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс асқынған жағдайда, хорват армиясының барлық жасағын кері шақырамыз. Аймақта хорват әскерлерінің болуын қаламаймын», – деген.
Аталған мәлімдемесінде Хорватия президенті Миланович Украинаны дамуы тұралаған ел және НАТО-жан орын жоқ деген пікірін де айтқан.