6 қаңтарда алаңға жиналған 300 дей бейбіт тұрғынның қалай қырғынға ұшырағанын көзімен көрген Айнұр Серікқызы Азаттық радисына оқиғаның қалай болғанын айтып берген.
Алаңда бейбіт шерудегілерге шай-тамақ тасыған Айнұр алаңда жас балалар мен қарттардың да болғанын, барлығының бейбіт түрде өз талаптарын айтқанын, ешқандай заң бұзушылық болмағанын, таңертеңінде Қапшағайдағы әуе десанты күштері сарбаздарының беибіт жиынды көріп "атпаймыз" деп қайтып кеткенімен кешке қарай ескертусіз қырып тастағанын айтты.
ФБ-дағы парақшасына "Қорықпа, жүзіңді жасырма. Ақиқатты айт. Алып кетсе, қасқайып тұрып өлеміз. Қазақстанның азаттығы үшін. Халықтың бостандығы үшін!" деп жазған қанды қырғынның куәгері Айнұр "7-сі күні көшеде шашылып жатқан адам денелерін көргеннен кейін шошынып қалғам, әлі өз-өзіме келе алмай жүрмін. Алаңға бейбіт барған елді қазір полиция ұстап қинап мойындарына қылмыс іліп жатыр. Қаншама адам мүгедек болып қалды. Депутаттар журналисттерден тығылып “біз білмейміз , ешқандай заң бұзушылықты көргенім жоқ” деп камерадан қашып жүр. Сонда халықтың жоғын кім жоқтайды? Бостан-бос өліп қалған жастардың денесін неге бермейді? Полиция мен әскер 150 000 нан премия алып жатыр , не үшін??? Қарапайым халықты ұрып-соққанға төленген ақы ма?" деген сұрақ қойды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны