Қазақстандағы ауруханаларда қаңтардағы қақтығыстарда зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
"Медициналық ұйымдарда 177 науқас қайтыс болды", – деді Ғиният 18 қаңтарда.
Бұның алдында денсаулық сақтау министрлігі медициналық мекемелерде қақтығыстар барысында зардап шеккен 175 адам қайтыс болғанын хабарлаған.
Бас прокуратураның 15 қаңтардағы мәліметінше, мәйітханаларға 225 адамның мәйіті түскен.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, "елде террористік шабуыл басталғалы 2739 адам медициналық көмекке жүгінген".
Стационарда 200 адам емделіп жатыр, 14 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандағы ең ірі Алматы қаласында наразылық кезінде 149 азамат және құқық қорғау органдарының 11 өкілі көз жұмған.