Экс президент Назарбаевтің күйеу балалары Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерінен кетті.
«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, К.К.Шарипбаевтың арызы негізінде, оның «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Д.Г. Досановтың арызы негізінде, оның «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды»,-делінген ақпаратта.
Қайрат Шәріпбаев Н.Назабаевтың үлкен қызы – Дариға Назарбаеваға үйленген соң, қызметі тез өсіп, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болған еді.
Ал Димаш Досан Назарбаевтың кенже қызы – Әлия Назарбаеваның күйеуі Димаш Досановта орнын босатты. Ол 2016 жылғы 6 тамыздан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) қызметін атқарып келген.
Бұған дейін ҰҚК-нің бірінші орынбасары қызметін атқарған экс президенттің немере інісің Самат Әбіш те қызметінін босатылды деген бейресми ақпарат таралған. Алайда ҰҚК баспасөз қызметі оның кезекті еңбек демалысында екенін хабарлады.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?