Ресей Украинаға шабуыл жасаған жағдайда, 5 миллион украиналық босқынға айналуы мүмкін. Бұл туралы сол елдің қорғаныс министрі Алексей Резников Politico басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Резниковтың мәліметінше, АҚШ президенті Жо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің онлайн саммиті өте салып, Ресей Украина шекарасындағы әскерлерін тіпті де көбейте түскен. Қазір Украинаға жақын шекарада Ресей 100 мыңнан астам әскерін ұстап тұр.
Украина қорғаныс министрі сұхбатында ауқымды басып кіру болған жағдайда бұл әрекет екі тарапқа да ауыр шығындар алып келетінін, соңын жинастыру қиын болған дағдарысқа жол ашатынын баса айтқан. Ол және қақтығыс болған жағдайда Украинадан 5 миллион адам босқынға айналуы мүмкін екенін жеткізген.
Бұған қоса Резников «Путиннің соңғы нысанасы Украина емес» деп ескерткен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны