Иранның жаңа үкіметі Батыс елдерімен келіссөздерде белсенділік танытып келеді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп кезінде бүлінген ядролық келісімді қайта қалпына келтіру бойынша Иран мен Батыс елдері арасында келіссөздер жүріп жатыр. Иран СІМ басшысы мәлімдеме жасап, Батыс елдері жақсы ниет танытса келісімге келуге әзір екендіктерін білдірді.

ИИР сыртқы істер министрі Хусейин Амир Абдуллахиян әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде қараша айының соңғы күндері Вена қаласында өткен Иран ядролық келісімі турасындағы келіссөздер туралы пікір білдірді. «Біз үйлесімді әрі нәтижені көздеген диалог құруға дайынбыз», – деді Абдуллахиян «Твиттерде».

Ядролық қаруға ие 6 ел мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ядролық келісім Трамп кезінде бүлінген болатын. Президент Трамп аталған келісімді Иран ядролық бағдарламасын тоқтатуға қауқарсыз деп айыптап, келісімнен біржақты бас тартқан еді. Сондай-ақ, Уашингтон Иранға бағытталған қатаң экономикалық санкцияларды қалпына келтірген. Нәтижесінде Иран экономикасы ауыр зардап шекті.