Өтке жылы әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткіштерді жаңартты. Халықаралық Көші-қон ұйымының «Әлемдік көші-қон» деректерінің 2020 жылға арналған есебінде 2020 жылы 281 млн адам босқын ретінде тіркелгенін мәлімдеді.

Аталған ұйымының дерегінше 2019 жылы әлемде 272 миллионнан астам босқын болған, өткен жылғы босқындар саны 1990 жылмен салыстырғанда 153 млн адамға көп.

Ұйым есебінде көрсетілгендей былтырғы жылы 26 млн жаңа босқын тіркелсе, 55 млн босқын өз мекендеріне қайтқан. Ең маңыздысы, былтыр қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан босқынға айналғандар саны тарихи рекордтық көрсеткішке жеткен.

Еуропа елдері арасында 16 млн босқын паналаған ел ретінде Германия көш бастап тұр, босқындарды ең көп қабылдаған 20 ел ішінде Түркия 12-ші орында, түрік елінде 6 миллионнан астам босқын тіркелген.

The Qazaq Times