Қытай лидерлерінің, соның ішінде ҚКП төрағасы Ши Жинпиңнің (Си Цзиньпин) Шыңжаңдағы аз санды ұлттарға жасалып жатқан қысымға тікелей қатысы бар екенін дәлелдейтін құжаттар ашыққа шықты. Құжатты талдаушылардың айтуынша, ҚКП жоғары жетекшілерінің массалық түрде абақтыларға қамау және мәжбүрлі еңбек істетуге әрекетіне шақырған сөздері бар.

Аталмыш құжаттар бұған дейін толық жария болған емес-ті, тек қыркүйек айында Британиядағы тәуелсіз елдік сот аталған «Ұйғыр трибуналына» берілген. Трибуналмен құжаттардың растығын анықтауға доктор Адриан Зенц, Дэвид Тобинден Жан Джеймс Миллвард қатарлы арнайы мамандарды ұсыныс еткен.

Аталған мамандардың пікірінше, «Шыңжаң құжаттары» аталған бұл дәлелдер ұйғыр және өзге де мұсылман азшылықтарына қысым түсірген қазіргідей саясатқа алып келуші ҚКП төрағасы Ши Жинпиң мен премьер-министр Ли Кычияң (Ли Кэцян) секілді лидерлердің баяндамаларын көрсетеді. Құжат мазмұндарына күшпен абақтыға қамау, мәжбүрлі стерилизация,  мәзбұрлі ассимиляия, «қайта тәрбиелеу» және жұмыс орындарында мәжбүрлі еңбекке салу қатарлылар кіреді.

Доктор Зенц бұл туралы мәлімдемесінде: «Зерттеулер көрсеткендей жоғары лауазымды тұлғалар жасаған мәлімдемелері мен Шыңжаңдағы аз санды ұлттарға жасалған саясат арасындағы байланысты бұрынғы ойлағандарымыздан әлде қайда кең әрі терең», – деп білдірген.

Бұл мәлімдемелермен бір уақытта The New York Times басылымы да осыған ұқсас құжаттарды 2019 жылы алғандарын, алайда толық жария болмағанын жазды.

Бейжің өзіне тағылған бұл айыптарды жоққа шығарып келеді. Ресми мәлімдемелерде Шыңжаңдағы әрекеттерін терроризм мен экстремизмге қарсы күрес деп түсіндіреді. Алайда, Шыңжаңдағы аз санды ұлт өкілдерін мәжбүрлі қамаққа алу, саяси үйрену лагерлеріне қамау, балаларды ата-анасынан күштеп ажырату, лагерлерде түрлі азаптау әдістерін қолдану, тіпті әйелдері массалық түрде жыныстық зорлық көрсету және халыққа қысым көрсету қатарлы айыптарға дәлелдер де көп. Қазір кейбір халықаралық ұйымдар, тәуелсіз орталықтар Шыңжаңдағы мәселе бойынша арнайы зерттеулермен айналысып жатыр.

The Qazaq Times