Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен екі мәрте телефон арқылы сөйлескен. Диалог барысында Қарабақ мәселесі талқыланып, Армения басшысынан шекаралық келісімді сақтауды сұрған.
Қайтадан қарулы қақтығысқа ұласа жаздаған Қарабақтағы жағдай Ресейдің араласуымен атысты тоқтату келісіміне жетті. Алайда, Қарабақтағы бітімге қатысты Армения тарабында келіспеушіліктің сақталып қалғанын кейінгі жағдайлар көрсетті. Түрік басылымдары болса, Ереван билігі Түркия мен Әзірбайжан арасында Зенгезур дәлізінің ашылуына қарсы деп жазуда.
Былтырғы Қарабақ соғысында ара ағайындық жасаған Ресейдің жанжалды ушықтырмау бойынша міндеттемелері бар. Қарабақтағы Армениян әскери күштерінің арандату әрекеттеріне алаңдаушылық білдірген Баку Мәскеуге қайырылған. Путин бір апта ішінде Пашинянмен екінші мәрте телефон арқылы сөйлесіп, келісімді сақтауды өтінген.
Кремльдің Баспасөз қызметі хабарлағандай Қарабақ мәселесін талқылау мақсатында таяу арада Әзірбайжан, Ресей және Армения басшылары бас қоспақ. Ал, желтоқсан айында Илхам Әлиев пен Никол Пашинянды ЕО тарабы Бюссельде кездестіреді. Бұл Қарабақ мәселесіне Еуропаның да баса назар аударып отырғанын көрсетеді.