Түркітілдес мемлекеттер кеңесінің Стамбулда өткен саммиті қарсаңында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Российская газета» басылымында жарияланған мақаласында Қазақстанда орыс тілділерге ксенофобиялық көзқарас барын айтқан болатын. Оның бұл сөзіне Қазақстан қоғамы дер кезінде наразылық білдіргенімен ресми билік атынан ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесінің сөзіне енді ғана пікір білдірді.
18 қарашада Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген ҚР сыртқы істер министрі «бұл мақала ең біріншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы жақсы қарым-қатынас туралы. Сіздер оның сөзін контекстен бөліп әкетпеңіздер» деген министр «Мақалада не айтылған? Қазақстан мен Ресей арасында сыртқы істер министрлігі, құқық қорғау органдары, президент әкімшіліктері арасында тікелей байланыс каналдары орнатылған. Осы каналдарға сүйеніп, біз сондай мәселелерді: шовинизм болсын, ксенофобия болсын, сондай оқиғаларға бірлесіп жауап бере аламыз» деп тәпсірледі.
Ал жураналистің «Қазақстан СІМ Лавровтың сөзіне неге пікір білдірмеді?» деген сауалына Тілеуберді мырза бұған дейін министрліктен осы жөнінде ешкімнің сұрамағанын айтып ақталды.
Бұған дейін Лавровтың сөзіне пікір білдірмеген билік өкілінің «Российская газетасына» жарияланған мақаланы басқаша тәпсірлеп ксенофобия туралы нақты айтылған сөзді айналып өтуі де қоғам наразылығына ұшырап жатыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді