Беларусь пен Еуропа Одағының, нақтырақ айтқанда Беларусь пен Польша шекарасында босқындар дағдарысы күшеп, геосаяси тіреске айналып тұрған шақта, Өзбекстан ЕО тарабына ыңғайлы қадам жасады. Тәшкент билігі Орта Шығыс елдерінің азаматтарын Беларусьқа жеткізетін әуе жолдарына шектеу қойды.
Өзбектің «Узавиация»-сынің ресми мәлімдемесіне сай Ирак, Сүрия, Ауғанстан, Йемен, Ливан және Ливиядан Беларусьқа ұшатын азаматтарға ұшақ билетін сату шектелді. Бірақ, бұндай шектеулер Беларусьта тұрақты тұруға құқылы немесе дипломатиялық паспорты бар тұлғаларға қаратылмаған.
Шекарадағы босқындар дағдарысына байланысты Еуропа Одағы Беларусьқа босқындар тасыған әуе және туристік компанияларға санкция салатынын мәлімдеген еді. Осыдан кейін бірқатар түрік және сүриялық әуе компаниялар мен туристік компаниялар Орта Шығыстан Минск бағытындағы әуе қатынасына белгілі шектеулер кіргізді.
Қазір Польша-Беларусь шекарасында мигранттардың дағдарысы әлі жалғасып жатыр, дегенмен кешеден бастап босқындардың бірқатары кері қайтып жатқанын Польша шекара қызметі хабарлаған. Әлі де мыңдаған мигрант лагерлерді паналап тұр.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі