АҚШ Мемлекеттік департаменті Беларусь пен Польша шекарасындағы босқындар дағдарысына байланысты мәлімдеме жасап, Минск пен Мәскеуді айыптады.
АҚШ мем. хатшысы Энтони Блинкен мен Польша СІМ басшысы Рау Збигнев телефон арқылы мәселені талқылаған. Бұл туралы Мем. департаментінің жазбаша мәлімдемесінде Блинкен шекарадағы босқындар дағдарысына байланысты Беларусь президенті Лукашенко мен Ресей билігін айыптағаны айтылған.
Аталған мәлімдемеде Александр Лукашенконың кезекті әрекеті өңірлік қауіпсіздікке үлкен қатер төндіргені айытылған, сондай-ақ: «Ресей Украина шекарасындағы әрекеттеріне байланысты жұрт назарын басқа жаққа аударуды көздейді», – делінген.
Блинкен сөйлесу кезінде босқындарды өз мүдделеріне пайдаланған Беларусь пен Ресейге бағытталатын Батыс елдерінің санкциялары тіпті де күшейетінін атап өткен.
Польша шекарасына босқындарды шоғырландырып, Еуропалық Одаққа қысым түсіруді көздеген Лукашенко билігінің әрекеті Батыс елдері жағынан ауыр сынға ұшырауда. Польша билігі қазір осы мәселе бойынша ЕО және НАТО-мен диалог жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта Беларусь пен Ресейге қатаң шаралар жасалады деп күтілуде.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді