Атырау облысының Сағыз ауылындағы атыста бес адамға оқ тиіп, біреуі қаза болған. Полиция бұл ауылды бүгін де бақылап тұр. Бұл ақпаратты Азаттыққа Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Ресми ақпаратқа қарағанда, 30 қазан күні кешке Атырау облысының Қызылоқоға ауданы Сағыз ауылы жанындағы Атырау-Ақтөбе тас жолының бойында төбелес болып, оқ атылған. 5 адам жараланып, 1985 жылы туған азамат Сағыз ауылының амбулаториясында қайтыс болған.
- Оқиға орнында Атырау облысы полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2 бөлігі бойынша ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғалды,- дейді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция болжамына қарағанда "атысқа ауыл адамдарының арасындағы кикілжің себеп болған".
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев ресми мәлімдемесінде "Сағыз ауылында жағдай тұрақты екенін, тұрғындар арасында жаппай толқу жоқ екенін, полиция осы ауылда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын" айтқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы