Түркия билігі еліндегі батыстық 10 елдің елшісін «жағымсыз адамдар» деп жариялап, елден шығаруы мүмкін. Президент Режеп Тайып Ердоған сенбі күні (23 қазан) Сыртқы істер министрлігіне осындай бұйрық бергенін мәлімдеді. Осыдан бұрын 10 елдің елшісі меценат Осман Каваланы босатуға шақырған болатын.
4 жылдан бері қамауда отырған Осман Кавалаға 2013 жылғы ұлттық наразылық акциясын қаржыландырды және 2016 жылғы әскери төңкерісті ұйымдастырды деген айыптар тағылған. 18 қазанда АҚШ, Канада, Франция және Германия елшілерін қамтыған батыстық 10 елдің елшісі бірлескен мәлімдеме жасап, Кавала ісінің әділ әрі жедел қаралуын, сондай-ақ тез арада босатуын сұраған еді.
10 елшінің бірлескен мәлімдемесінен кейін Түркия СІМ тарабы оларды шақырып талаптарына жауап бере алмайтынын жеткізген.
«Мен Сыртқы істер министрлігіне не істеу керектігін айттым, – деді Ердоған Ескішехирдегі сөзінде, – Бұл 10 елші бірден «жағымсыз тұлғалар» деп жариялануы керек. Бұны тез арада жасау керек. Олар Түркияны түсінетін болады. Олар Түркияны түсінбесе өздерінің елден кететінін де түсінбейді», – деді Түркия президенті.
АҚШ, Германия және Франция тарабы бұл жағдайға байланысты қазірге ресми пікір жариялаған жоқ.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр