Германия БАҚ-ның хабарлауынша, биылғы жылы, 55 мың мигрант өз еркімен елден кеткенін хабарлайды ББС дің қырғыз қызметі.
Бұл туралы Sueddeutsche Zeitung басылымы Германияның миграция және босқындар жөніндегі федералдық басқармаға сілтеме жасап.
Германия аумақтан шығып кеткен мигранттардың басым бөлігі Батыс Балқаннан келгендер. Олар босқын мәртебесін ала алмағандығы салдарынан депортацияға ұшырамау үшін өз елдеріне қайтып кеткен. Заңсыз жүргені үшін депортацияға ілінсе Германияға қайтып келуіне рұхсат етілмейді.
Сондай-ақ, Германиядан 2016 жылы 25 мың адам депортацияланған. Өз еркімен қайтып кеткендердің 15 мыңы Албаниядан келгендер. 5 мыңы Сербия, Ирақ, Косовоға қайтып кеткен. Sueddeutsche Zeitung басылымы Ауғанстан, Иран, Ираққа қайтып кетуге ниеттенгендердің де көп екенін айтады. Мәселен 3 мың 200 адам Ауғанстанға осы жылы қайтып кетуді шешкен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге көп.
Ел аумағынан өз еркімен шығып кетушілерге Германия үкіметі компенция төлеп жол қаражатында өздері шығарып отыр. Осы жылдың желтоқсанында белгілі болғандай үкмет мигранттардың өз елдеріне қайтуына 150 млн евро, босқын мәртебесін ала алмай қалған мигранттарға жылына 50 млн евро бөлген.
Германияға соңғы бір жарым жыл ішінде бір милионнан артық мигрант келді. 2015 жылы 900 мыңдай адам босқын мәртебесін алуға өтініш білдірген.
«The Qazaq Times»