Белгілі спортшы-шенеунік Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кетті.
Ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады. Ведомство оның «өз еркімен босатылғанын» хабарлаған.
Алғашында чемпион боксшы ретінде танылған Сәпиев мәжіліс депутаты болып көрген, кейіннен ведомство комитетін басқарған. Соңғы лауазымына 2019 жылғы қаңтар айында тағайындалған. Сонымен қоса, бұған дейін «Astana Arlans» ПСК ЖШС бас директоры, 2013-2014 жылдары Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры болып жұмыс істеген.
Серік Сәпиев – бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007 жылдары), ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Биылғы Токио олимпиадасында қазақ боксының әдетінен жаңылып, жеңіліске ұшырауынан кейін ұлттық құрама жаттықтырушысы қатарында қоғам сынына іліккен.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел