Түркістан облысындағы екі медицина қызметкері вакцинаның жалған құжатын жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Департамент мәліметінше, Қазығұрт ауданы полиция бөліміне белгісіз азамат хабарласып, ауданында 3 тұрғын вакцина паспортын жасатқанын айтқан. Сол хабарламаға сүйенген полиция аудандық ауруханасының 2 қызметкерін ұстаған.
«Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аудан полицейлерінің анықтауы бойынша медицина қызметкерлері 3 тұрғынға жалған құжат жасаған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр» делінген полиция департаменті тарқан хабарламада.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина сала бастаған сәттен бастап жалған паспорт жасатқандар жайлы ақпарат тарады. Елдің біріне аймағында вакцина паспортын сатқандар ұсталып, жауапқа тартылды.