Бүгін, 1 қазанда астана полициясы Шыңжаңда қамалған туыстарына араша сұрап жүрген 8 адамды уақытша қонып жүрген үйлерінің алдынан ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Басылым мәліметінше, полиция оларды Байқоңыр ауданындағы Момышұлы көшесінен күшпен сүйреп әкеткен.
Азаттықтың жазуына қарағанда, ұсталғандар арасында аяғы ауырып жүре алмай, арбамен қозғалып жүрген 65 жастағы зейнеткер Халида Ақытхан да бар. Арнайы жасақ оны да сүйреп апарып, газельге отырғызған.
Белсенді Байболат Күнболатұлының Азатттыққа айтуынша, жұма таңертеңнен бастап Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап жүргендерді полиция көліктері аңдыған. Ол өзі және наразылардың тағы бір Гаухар Құрманғалиева екеуі үйден шығып үлгермеген. Полиция оларды ұстамаған.
Шыңжаңдағы туыстарына арашап сұрап жүргендер астанаға барғанына 10 күннен астты. Олар оған дейін Алматыдағы Қытай консулдығы алдында 234 күн наразылық акциясын өткізген еді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы