Қазақстанда ипотекалық қарызы бар әлеуметтік аз қамтылған топтарды жалғыз баспанасынан айырмауды қарастыратын меморандум қабылданды. Оған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы әкімдігі, банктер омбудсмені, банктер мен қоғамдық бірлестіктер қол қойған. Бұл туралы агенттікке қарасты қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев cөзіне сүйенген Азаттық радиосы хабарлады.
"Меморандум биылғы жылдың маусым айынан бері дайындалды. Оның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған топтарға жататын қарыз алушылардың (қосалқы қарыз алушы, гарант, кепіл беруші адам) құқығын тараптар арасында реттеу шараларын қабылдау арқылы қорғау" деп жазды Терентьев.
Меморандумға сәйкес, баспанадан шығарумен байланысты проблемалық қарыздарды реттеу кезінде банктер сот шағымдарын түсіруді доғарады, қарызды өндіріп алу әрекеттерін тыйып, қарыз алушыларды үйден шығаруын тоқтатады.
Меморандум 23 қыркүйекте күшіне енген. Қол қойған күннен бастап 12 айға дейін жарамды.
Агенттік меморандум Алматы қаласында қабылданғанмен бүкіл республикаға жарамды екенін ескертеді.
Құжат меморандум болғандықтан оны тараптардың орындауы міндет емес және ондағы шарттар ерікті түрде жүзеге асырылады.
Бұған дейін Алматы қаласында бес адамның өмірін қиған атыс болып, жағдайдың ушығуына қарыз алушының кредитін өтей алмай жалғыз баспанасынан күшпен шығарылуы, мүліктерінің төмен бағалануы түрткі болғаны хабарланған. Бұл оқиғадан соң елде екінші деңгейдегі банктердің жоғары пайыздық мөлшерлемесі, азаматтарды жалғыз баспанадан айыру, әділетсіз сот шешімдері сияқты мәселелер қайта көтерілді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі