Солтүстік Кореяның «Орталық Жаңалықтар агенттігі» деп аталатын ресми ақпарат көзі демалыс күндері Пиоңяң (Пхеньян) алыс қашықтыққа атылатын қанатты зымырандарын сынақтан өткізгенін хабарлады. Бұл онсыз да тығырыққа тірелген АҚШ-Солтүстік Корея қарым-қатынасын тіпті де нашарлай түсетінінен хабар береді.
Солтүстік Корея ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, жексенбідегі сынақ кезінде қанатты зымырандар 1500 шақырым қашықтыққағы нысанаға ұшып жете алған. Зымрандар Солтүстік Кореяға тиесілі теңіз айдындарына құлағаныны айтылған.
Пиоңяң ресми мәлімдемесінде: «Солтүстік Кореяның зымыран өндірісінің дамуы елдің қорғанысына неғұрлым сенімділік сыйлайды және қарсыластардың бізге қарсы жыттығуын тоқтатуға тиімді себеп болады», – делінген. Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореяның біріккен армиясының Корей түбегі мен оған жақын теңіз айдындарында өткізетін әскери жаттығуларын тоқтатуды қалайды.
Бұған қоса ұзақ уақыт оқшауланған Солтүстік Корея өзінің оңтүстік көршісі мен АҚШ-ты өзіне қарсы дұшпандық саясат ұстанып отыр деп санайды.
Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның лидері Ким Жоң Унмен бірнеше рет кездесіп, Корей түбегіндегі ядролық қарусыздандыру мәселесін талқылаған. Бірақ, келіссөз табысқа жете алмады. 2019 жылдан бері екі ел қатынасы қайтадан дағдарыс күйіне түсті.