Тәліптер Меркель ханымды Кабулға шақырды. Ауғанстан билігіне қол жеткізген «Талибан» қазір өздерінің ресми билік ретінде мойындалуына әрекет етуде. Бұл ретте тәліптер әлем елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға тырысуда.
Бұған дейін исламшыл ұйым Ресей және Қытаймен тығыз байланыс орнатқанын мәлімдеген болатын. Соңғы кездері үкімет құру дайындығындағы тәліп жетекшілері Батыс елдерімен де байланысты жақсартуға күш салуда.
«Талибан» ұйымының ресми өкілі Забибулла Муджахид кезекті мәлімдемесінде Германия канцлері Ангела Меркель ханымды Кабулға шақырғанын мәлімдеген. Мәлімдемесінде Муджахид Германиямен ресми дипломатиялық байланыс орнатуды қалайтындарын айта келіп, Германия мен Ауғанстан арасында бұған дейінде тығыз қатынастардың болғанын алға тартқан.
Муджахидтің сөзіне қарағанда, Ауғанстанның жаңа билігі Германиямен инфрақұрылым, медицина және білім салаларында инвестициялық байланысты нығайтуға мүдделі.
Германия бұған дейін Ауғанстаннан эвакуация жасау бойынша тәліптермен келіссөздер өткізген болатын. Сол тұтса неміс үкіметі Ауғанстандағы босқындар ағынын тоқтату үшін елге гуманитарлық бағытта көмек беруге дайын екенін де жеткізген еді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр