Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс салдарынан тағы бір адамның қаза болғаны анықталды. Бұл жөнінде оқиға орнында жүрген тілшісінің мәліметіне сүйенген Азаттық радиосы хабарлады.
"Жарылыс салдарынан өрт сөндіруші Елдос Сандыбаевтың қаза болғаны анықталды. Оның досы қазір осы жерде жүр. Ата-анасы үйіне жылап кетті" деп келтірді Азаттық радиосы оқиға орнында жүрген тілшісінің сөзін.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстан 5 адам мерт болғанын хабарлаған. Олар:
- Сержант Мешінбай Марат Сайлауұлы, 40 жаста;
- Ефрейтор Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы, 40 жаста;
- Әскери күзет қызметкері Далибаев Оразбек Дайрабекұлы, 52 жаста;
- Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қапезов.
- Өрт сөндіру командасының бастығы келісім-шарт қызметінің старшинасы Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков, 29 жаста
Бұдан бөлек, жойқын жарылыстан кейін ауруханаға жеткізілген 66 адамның 28 емделіп жатыр. Оның алтауының жағдайы ауыр хәлде. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, із-түссіз жоғалғандар да бар.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті