Қытай АҚШ-ты "коронавирустың шығу төркінін зерттеуді саясиландырып отыр" деп айыптады. Пекин Америка барлауының есебі жарияланар тұста шабуылға көшті. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.
Азаттық ақпаратына қарағанда, Қытай Сыртқы істер министрлігі қару-жарақты бақылау департаментінің басшысы Фу Кон 25 тамызда өткен брифингте "АҚШ Қытайды еш негізсіз айыптап, кінәлі қылып қойғысы келсе, қарсы шабуылға дайын болсын" деп мәлімдеді.
Америка барлауының есебі коронавирустың қалай және қайда пайда болғаны жөніндегі түрлі теорияларға байланысты пікірталастарға жол ашу үшін президент Джо Байден бұйрығымен жасалып жатыр.
АҚ үйдің ресми өкілі Джен Псакидің хабарына қарағанда, Байден барлау есебінің көшірмесін алған. Оның айтуынша, есептің құпиясы жоқ бөлігі қоғамға таныстырылады.
АҚШ ресми тұлғаларына сүйенген БАҚ-тар жазуына қарағанда, барлау есебінде әзірге нақты үзілді-кесілді түйін жасалмаған.
Коронавирус алғаш тараған Ухань қаласындағы лабороториясын қорғаштаған Қытай "вирус Американың Мэрилендтегі Форт-Детрик қаласындағы әскери лабораториясынан тарауы әбден мүмкін" деп дәлелсіз нұсқа ұсынған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді