«Талибан» қозғалысының Ауғанстанда билікке келуі оған көршілес елдер мен аймақтарды алаңдатқаны белгілі. Осы апта АҚШ пен бірқатар Еуропа елдері Ауғанстаннан азаматтарды эвакуациялау бойынша әбігерге түспек. Осы тұста Ресей Ауғанстандағы өзгерістерге еш алаңдамаған түр танытуда.

Тәліптер Кабулды алысымен орыс дипломаттары жағынан оларға позитивті пікірлерде айтылған еді. «Талибан» билікке келісімен олармен алғашқылардың бірі болып та Ресей елшісі Жирнов диалог орнатып үлгкірген. Тіпті, Ауғанстандағы ресейлік дипломаттар өз мәлімдемелерінде Кабул қаласы бұрынғыдан әлде қайда тыныш деп сипаттады. Кеше ғана президент Путин Ауғанстанның билігіне тәліптер келіп жататын болса олармен де жұмыс істеуге тура келетінін де айтты.

Бұның бәрі Ресейдің «Талибанды» ресми билік қатары мойындамағынмен, мәмілелні жақсартып жатқанын көрсетеді. Ауғанстандағы ішкі биліктің кімде болуына қатты алаңдамайтынын көрсеткісі келгенімен, Мәскеу аймақтағы тұрақтылық мәселесі бойынша алаңдайтынын жасыра алмады. Бұл Путиннің ауғанстандық босқындары туралы пікірінде байқалды.

Кейбір тәуелсіз сарапшылар пікіріне сәйкес, Ресейдің барынша тәліптермен диалог орнануға, мәмілені шыңдауға әрекет еткендей түр байқатуының өзі Мәскеудің ішкі қорқынышын көрсетеді деп санайды. Себебі, тәліптер қанша жерден кепілдік бергенімен, ел ішінде террорлық топтардың қимылының бақылауға алынуы екіталай. Ауғанстанға жасырынып жатқан «әл-Каида» немесе «Ислам мемлекеті» секілді террорлық топтардың Ресейге жақын Орталық Азияда қандай да бір қауіпті әрекеттерге барып жатқан жағдайда, бұл сол елдердің ғана емес Мәскеудің, тіпті Қытайдың да мазасын қазырары анық.

Бұған қоса Ауғанстандағы әлеуметтік дағдарыстың салмағы барған сайын ауырлап барады. Бұл осы елден миллиондаған босқындардың жақын елдерге қарай ағымын қалыптастыруы әбден ықтимал. Бұның бәрі Ресейдің ұзақ шекарасын бекітіп тұрған Орта Азия елдеріне салмақ салады. Сондықтан да Мәскеудің Ауғанстандағы қадамдары көзқарақты жұрттың назарында болуға тиіс.

The Qazaq Times