Алматыда коронавирус пандемиясының төртінші толқыны әлі бәсеңдемей тұр. Тап қазір қаланың 20,8 мың тұрғыны емделіп жатыр. Қазір резервтегі төсек-орындарды қоса есептегенде стационарларда 74% орын толған.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте тіркелген 1615 адамның 1541-і симптом белгілерімен, тағы 74 адам симптомсыз тіркелген. Жексенбі, демалыс күні 478 адам ауруханаға жатқызылған. Бұл өзге айлардағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.
Жалпы қалада сыйымдылығы 8910 орын болатын инфекциялық стационарларда 6602 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 199 бала төсекке таңылған. Ал реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде 464 науқас жатыр. 31 адам ӨЖЖ, 203 науқас инвазивті емес ӨЖЖ-ымен және 207 сырқат High flow аппаратымен тыныстап жатыр. Сондай-ақ, БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 14 295 науқас амбулаторлық деңгейде бақылауға алынған.
Ресми дерекке қарағанда, Алматы қаласында биыл ақпаннан бері 841 мың адам екпенің алғашқы, оның ішінде 676 мыңы толық дозасын алған. Әкімдік мәліметінше, әзірге 160 егу пункті мен 237 егу бригадасында 1028 медқызметкер жұмыс істейді. Жалпы пандемия басталғалы қалада 140 мыңға жуық адам ауырған, оның 30 мыңнан астамы осы тамызда анықталған.
Эпидахуалдың нашарлауына байланысты қалыпты жағдайда қолданылып жүрген 7011 төсек-орын 8910-ға дейін көбейтілген. Стационарлардағы орын саны артып, тіпті жаңа резервтік филиалдар уақытша іске қосылған.
Жұмыс күндері күшейген шектеумен істеп, демалыс күндері жұмысын тоқтатын түрлі ұйым-мекемелерге қатысты карантин режимі 1 қыркүйекке дейін ұзарды.
Осыған дейін бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин бір күнде ауруханаға жатқызылғандар саны 500-ден асса, қалада локдаун күшейтіліп, блок-бекет қойылатыны туралы наурыз айындағы критерийдің қазір күшін жойғанын мәлімдеген.
Бекшиннің болжауынша, шілде айында басталған төртінші толқынның шарықтау шегі 11-12 тамыз күндері өтуі керек болған. Дегенмен әлі де Алматы қаласы республикадағы ең үлкен індет ошағы ретінде тәулігіне 1,5 мыңнан артық жағдай тіркеліп жатыр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі