Ауғанстанның жоғары лауазымды тұлғаларына қарулы шабуылдар жиілей түсті. Үкімет лауазымдыларына жасалып жатқан қастандықтың артында кім тұрғаны анық емес. Дегенмен, көптеген ақпарат құралдары бұны «Талибан» ұйымы жасап отыр деп санайды.
Бір күн бұрын орталық қала Кабулда екі прокурор қарулы шабуылдан қаза тапқан. Бұл туралы елдің бас прокуроры арнайы мәлімдеме жасады. Шабуылды ешбір ұйым өз мойнына алмаған.
Өткен апта Ауғанстан қорғаныс министрінің үйіне жасалған қарулы шабуылдан 8 адам қаза тауып, 20 адам жарақан алған еді. Алайда, министр мен оның отбасы шабуылдан аман қалған.
Ауғанстан ресмилері соңғы кезде елдің лауазымды тұлғаларына бағытталған шабуылдардың жиілей түскенін, бұл қазіргідей қақтығыс дағдарысында тұрған үкіметтің жұмыс жүргізуіне үлкен кедергілер келтіріп жатқанын айтады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны