Қазақстан боксшысы Сәкен Бибосынов Токиодағы олимпиада ойындарының жартылай финалында жеңіліп, қола жүлдегер атанды.
52 килограм салмақта сынға түскен Бибосынов 5 тамыз күні өткен жартылай финалда Ұлыбритания боксшысы Галал Яфайдан 2-3 есебімен жеңілді. Ол бірінші раундта бір рет нокдаунға түсті.
Оған дейін қазақстандық боксшы алғашқы айналымда пуэрто-риколық Янкьель Ривераны, 8/1 финалда 2019 жылығы әлем чемпионатының қола жүлдегері француз Билал Беннаманы, ширек финалда Еуропа ойындарының чемпионы Габриэль Эскобарды жеңген еді.
Бибосыновты жеңген Яфай енді финалда Филиппин боксшысы Карло Пааламға қарсы жұдырықтасады.
Бибосынов - Токиода жүлде алған Қазақстанның екінші боксшысы. 4 тамызда аса ауыр салматағы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде иеленген. Қазақстан құрамасының қалған боксшылары жартылай финалға дейін жеңіліп, жүлдесіз қалды.
Бұл - Қазақстан боксшылары алтын ала алмаған алғашқы олимпиада.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды