Елдегі қуақшылыққа байланысты өткен айда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қызметінен босатылған бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты бүгін, 4 тамызда ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Сапархан Омаровтың Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көп жылдық нәтижелі қызметін, сонымен бірге астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының биылғы 28 шілдедегі № 227 бұйрығымен үкімет келісіміне сәйкес, Сапархан Омаров "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы басқарма төрағасы лауазымына сайланды" делінген министрлік хабарламасында.
53 жастағы Сапархан Омаров 2019 жылдың ақпанынан бері ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды. 10 шілдеде үкімет отырысында президен Тоқаев қуаңшылық кезінде бірқатар аймақта малдың азық жетпей қырылғанына байланысты ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынап, "министр қызметінен кетуі тиіс" деп мәлімдеген. Артынша Омаровтың отставакаға кеткені хабарланды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті