Қазақстан боксшысы Сәкен Бибосынов Токиодағы олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Енді оның қоржынында кемі қола жүлде бар.
52 килограм салмақта сынға түсіп жатқан Бибосынов 3 тамыз күні өткен ширек финалда испан боксшысы Габриэль Эскобарды 3-2 есебімен жеңді. Ол қарсыласын бірінші раундта бір рет нокдаунға түсірді.
Бибосынов енді жартылай финалда Ұлыбритания боксшысы Галал Яфайға қарсы жұдырықтасады. Яфай ширек финалда 2017 жылғы әлем чемпионы кубалық Йосвани Вейтияны жеңді.
Яфай мен Бибосынов арасындағы жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамыз күні өтеді. Жеңген боксшы ақтық сында Карло Паалам (Филиппин)-Рёмэи Танака (Жапония) жұбының жеңімпазымен алтын медалға таласады.
Бибосынов – жартылай финалға жолдама алған қазақстандық екінші боксшы. Бүған дейін аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шыққан.
Бүгін ширек финалда Зәкір Сафиуллин (63кг) жұдырықтасады. Қазақстанның қалған боксшылары жарыс жолынан шығып, жүлдесіз қалды.
Қазақстан құрамасынан Токиода дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон және Зүлфия Чиншанло қола медаль алған. 3 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстан үш қола медальмен командалық есепте 71-орында тұр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді