Facebook әлеуметтік желісі Франциядағы президент сайлауы қарсаңында жалған ақпарат таратқан 30 мыңға жуық фейк акаунтты өшірді деп хабарлайды Huffington Post ақпарат көзі.
«Қазіргі таңда Facebook компаниясы жалған акаунттарды бұғаттау үшін автоматты түрде жұмыс жасайтын бағдарламалар жүйесін қолдануда. Бірақ, бұл барлық фейк акаунттарды жойып жібере алмайды» деді Facebook компаниясының техникалық менеджері Шабнем Шайк.
Естеріңізге салайық бұдан сәл ертеректе хакерлер Франция президенті Франсуа Олландтың Facebook парақшасын бұзып, "Олландтың отставкаға кетуі құрметіне арналған кешке шақырамыз" деп жазба (пост) жазған болатын.
“The Qazaq Times”