Қазақстанда коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны 7,6 мыңға артып, жалпы есебі 649 мыңнан асты, оның 154 мыңы тек шілде айында тіркеліп үлгерді. Осы айдағы эпидахуал динамикасына қарағанда, коронавирустың жанама әсерінен көз жұмғандарды есептемегенде тіке ковидтен 1932 қазақстандық (КВИ+ 1644, КВИ- 288) өмірден өткен. Айдың ортасына қарай тәуліктік көрсеткіші 5 мыңның үстіне шыққан індеттің төртінші толқынында қазір кемінде 7 мың жағдай тіркеліп жатыр. Сенбіде жүз адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде 1 тамызда коронавирус (КВИ+) жұққан 7573 адам, ал 31 шілдеде  коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққан 87 адам тіркелді. Қазір елде 102 мыңға тарта адам (КВИ+ бойынша 98 мың, КВИ- бойынша 2,7 мыңнан аса) ауырып жатыр.

#COVID Өткен күні ПТР тесті арқылы коронавирус жұққаны расталған науқастар қатары тағы артты. Олардың басым бөлігі әдеттегідей мыңнан жоғары динамикада тұрған Алматы (1540) және астана (1489) қалаларынан. қатарынан. Бұдан өзге Қарағанды (901), Шымкент (650), Атырау (408), Алматы (313), Павлодар (280), Ақмола (268),  Қостанай (256), Жамбыл (250), Ақтөбе (238), Маңғыстау (224), Қызылорда (206), ШҚО (193), СҚО (157), Түркістан (115) облыстарында дерт үдеп тұр. Осы жексенбіде аурудан айыққан 4681 адам үйіне шығарылған. Сенбіде жиыны 86 адам қайтыс болған.

#COVID_пневмониясы 29 шілдеде ақпараты бір тәулікке кешігіп берілетін коронавирус пневмониясына шалдыққан 87 науқас есепке алынды. Ведомство дерегінше, сенбі күні сырқаттар Шымкент (17) қаласы және Алматы (9), Атырау, Маңғыстау (әрқайсында сегіз-сегізден) (30) облыстарында көптеп анықталған. Сонымен қоса, 106 адам айығып шыққан, тағы 16 адам көз жұмған.

#Жалпы  ДенМин дерегіне қарағанда, емделіп жатқан 101 мыңнан аса науқастың 28,5 мыңы ауруханада, 73 мыңы амбулаторлық бақылауда. 1676 мың науқастың жағдайы нашар, ондағы 402 адамның хәлі өте ауыр. Бұдан өзге 196 сырқат өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.

Эпидкартада Қазақстанның барлық өңірі «қызыл аймақта» тұр.

ДенМин хабарынша, 1 шілдеде ПТР скринингі негізінде 414 сынама жүргізілген. Сәйкесінше, барлық үлгінің 48,3%-ынан Қазақстанның түгел аймағынан үндістандық «Дельта» штамы анықталған. Үкімет мәліметінше, биыл көктем-жазда геномдық зерттеу нәтижесінде елдің басым бөлігінен вирустың бразилиялық, британдық, оңтүстікафрикалық және үндістандық штамдары анықталған.

Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 588 мыңға жуықтаса, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 61 мыңнан асты. ДДСҰ дерекқоры мен Ұлттық статистикада Қазақстанда ауырғандар саны 649 мыңға жетті. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді.

Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардан 12,1 мыңнан аса адам (КВИ+ / U07.1 – 6043, КВИ- / U07.2 – 3740, ілеспе аурулардан – 2367) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінгендерді жалпы статистикаға енгізбейді. Бұған қарсы сарапшылардың сөзіне қарағанда, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.

Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Джонс Хопкинс университеті және ДДСҰ тізіміндегі 221 ел мен аймақтың арасында 41-орында тұр.

Үкіметтің соңғы дерегіне қарағанда, Қазақстанда 3,8 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған, ал кемінде бірінші дозасы егілген жұрттың саны 5,4 млн шамасында.

"The Qazaq Times"