Францияда денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцина алуға міндеттейтін заң қабылданды. Бұған халық наразы.
Екпе қабылдауға 15 қыркүйекке дейін уақыт берілді. Әзірге бұл куәлік ересектерге ғана міндетті. Бірақ 30 қыркүйектен бастап аталған құжатты жасы 12-ден асқан барлық азаматтары көрсетуі тиіс.
24 шілдеде Еуропа қалаларында ондаған мың адам індетті шектеу мақсатында енгізілген шараларға қарсылық білдіріп, шеруге шыққан болатын. Наразылықтың ең ірісі Францияда өтті. Мұнда бүкіл ел бойынша 160 мыңнан астам адам мейрамхана және өзге де қоғамдық орындарға арнайы рұқсат қағазымен кіргізуді қарастыратын заң жобасына қарсылық білдірді.
Даулы заң жобасына сәйкес, енді музей, кинотеатр, мейрамхана, бар және өзге де нысандарға кіру үшін арнайы «рұқсат қағаз» қажет. Аталған құжат вакциналаудан толық өткен, коронавирус жұқпағаны жайлы ПТР тесті бар немесе коронавирустан емделгенін дәлелдейтін анықтамасы бар адамдарға беріледі.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?