Италияның бірнеше қалаларында мыңдаған адам бейбіт шеруге жиналып, стадион, кино және өзге де қоғамдық орындарға кірген кезде талап етілетін «жасыл рұқсат қағазына» наразылық білдірді.
Repubblica газетінің мәліметінше, Римде үш мың, Миландағы шеруге мыңға жуық адам қатысты. Жалпы мұндай акциялар Италияның 80-нен астам қаласында өтті. Шерушілер карантин шектеулеріне ғана емес, ковид-төлқұжаттың енгізілуіне де наразы. Аталған құжатты «құлдық куәлігі» деп атаған наразы топ арасында вакцинацияға қарсылар, сондай-ақ ультра оңшыл күштердің өкілдері болды.
Негізінен Италияда тұрғындар вакцинация науқанында айтарлықтай белсенді. Ересектердің 2/3 бөлігі вакцинаның бірінші дозасын қабылдады. 12 жастан асқандардың жартысынан көбі екпе алған.
Еуропада енгізілген ковидтік сертификат осы уақытқа дейін саяхаттау үшін қолданылып келді. Құжатты барлық тұрғындар үшін міндеттеу 6 тамыздан бастап қарастырылған. Сол себепті Еуропаның бірнеше елінде төлқұжатты міндеттеуге қарсы шерулер өтіп жатыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті