Коронавирустың жаңа штамдары мен жаңа толқындарынан миллиондаған адамдар жапа шегіп жатқанда халықаралық қауымдастық пен Қытай арасында вирустың шығут тегі туралы дау-дамай тағы ушықты.
Қытай коронавирустың пайда болуын анықтау бойынша Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының екінші сатыдағы тергеу амалдарын қабылдаудан бас тартты. Зерттеудің бұл сатысында вирустың Қытай зертқанасынан таралуы мүмкін деген гипотезаны да қарастыру көзделген еді.
ДДҰ осы айда жаңа коронавирустың шығу тегін анықтау бойынша зерттеулердің екінші кезеңін жүргізуді ұсынған болатын. Бейжің үкіметінен Ухандағы Ухандағы зертханалар мен базарлардың аудитін, сондай-ақ тергеу амалдарына барынша ашық болуға шақырған.
Бұған қатысты Қытай Ұлттық денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының (NHC) жетекшісінің орынбасары Чың Ишиң: «Біз қадағалаудың мұндай жоспарын қабылдай алмаймыз. Себебі, бұл белгілі тәсілдер арқылы жалпы танымды бұрмалаушылық, ғылымға қайшы», – деген мәлімдеме жасады.
ДДСҰ-ның кезекті зерттеу жоспарында «Ухандағы зертханаларда протоколдардың бұзылуы вирустың сыртқы шығып кетуіне себеп болған болуы мүмкін» деген гипотеза да қарастырылмақ болған. Жоғарыда аталған Қытай денсаулық сақтау саласының жоғары лауазымдысы журналистерге бұл жоспарды оқып таң қалғанын айтқан. Чың Бейжіңнің бұған дейінгі позициясын қайталады. Яғни, Қытай мүддесіне саятын құпиялықты ескере отырып, кейбір деректерді толығымен жариялау мүмкін емес екенін айтқан.
Естеріңізде болса шілденің бас шенінде ДДСҰ басшысы вирус тарала бастаған алғашқы бірнеше күндегі түпнұсқа деректердің болмауы, Қытайдағы COVID-19 пандемиясының шығу тегі туралы зерттеу қорытындысын шығаруға кедергі келтірілді деп мәлімдеген еді.












                                                        





                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                    
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                    
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                    
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                    
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                    
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау