Анкарада Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған достық велошеру өтті.
Велошеру қатысқан елуден астам спортшы Анкара бас көшелерімен жүріп өтті. 12 шақырымды еңсерген веложүргіншілер, Ататүріктің «Аныткабир» мавзолейіне келіп тоқтады.
Шарада Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбеков: «Қазақстанның 30 жылдығын ерекше форматта атап өтіп отырмыз. Алғаш рет, Түркияда велоспорт қауымдастығымен бірлесіп велошеру ұйымдастырдық. Пандемия және құрбан айтқа сәйкес келгендіктен қатысушылар санын шектеп, 50-ден астам топпен түрік астанасының көрікті жерлерінде жүріп өтті», – деді.
Акцияны елдің велоспорт федерациясы, екі елдің белсенді жастары мен еріктілері қолдады. Сонымен қатар акцияға Түркия провинцияларына велосипедпен саяхат жасаған спортшы Дамир Көшеев те қатысты.
34 жастағы Дамир 3 аптада Ыстамбұл-Билежик-Кутахия-Афийонкарахисар-Бурдур-Анталия-Каш-Фетхие-Измир-Полатлы және Анкара қалаларын жүріп өткен. Веложүргіншінің айтуынша, бұл сапардағы негізгі мақсат – шаһарларда бой көтерген Абай ескерткішіне тағзым етіп, туристердің ең көп тұрақтайтын жерлерінде Түркістанды таныстыру.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы